Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы № 38/7-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қарашада № 4237 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 7/2-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.09.2023 № 7/2-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 - 1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің Үлгілік қағидаларына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3084 тіркелген, "Лениногорская правда" газетінің 2013 жылы 06 желтоқсандағы № 49 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешім атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы";
      шешім қосымшасының атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы";
      шешім бастамасы келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің Үлгілік қағидаларына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";
      Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, аталған шешіммен бекітілген:
      сегізінші жол келесі редакцияда жазылсын:
      "8. Мектептер және өзге де оқу орындары – 1 оқушы".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. МЫСАЕВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады