РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39 - бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |
Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "07" желтоқсан № 1282 қаулысымен бекітілген |
"Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
4. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзірет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
8. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, К. Семенова атындағы көшесі, 19, индексі 071300.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Мемлекет Риддер қаласының жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
11. Осы Ереже "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
15. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қалада қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халықтар бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, қаланың ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру.16. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық - саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс (қала) әкімінің мекеменің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын қалада түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) қаладағы ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
5) азаматтық қоғам институттарымен, қаланың қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
6) мемлекеттік ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мәселесі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету.
17. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша қаладағы атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;
3) қаладағы ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу, сонымен қоса "Халықтар Достық үйі" мемлекеттік қазыналық комуналдық мекемесімен әрекеттестік кезінде;
4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы қаланың жергілікті атқарушы органының қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың қаладағы қызметін ұйымдастыру, ақпарат насихаттаушы топтарды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
7) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс (әкімдік) жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;
8) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау;
9) қаладағы мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру;
10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
11) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдігінің актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;
12) мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;
13) құзыреті шегіндегі мәселелерді қарау кезінде мемлекет мүдделерін барлық ұйымдарда ұсыну;
14) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларын:
бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны, таратқаны;
мерзімді баспасөз басылымдарының, теле – және радиохабарлар материалдарын тіркеудің, сақтаудың міндетті тегін даналарын беру тәртібін бұзғаны;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жасау;
15) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
18. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарын сақтауға, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды заңнамада белгіленген мерзімде сұрауға, мекеменің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тиісті мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға мекеме қызметінің саласына қатысты ұсыныстар беру, өз құзыреті шегінде олардың орындалуын бақылау;
3) әкімдіктің қарауына мекеменің құзыретіне қатысы бар сұрақтар, ұсыныстар, ақпараттар, жоба шешімдерін енгізу;
4) мемлекеттік органдарымен өткізілетін мекеменің құзыреті мәселелеріне қатысты мәжілістерде, жиналыс пен кеңестерге қатысу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметтік жүзеге асыру;
6) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулер мен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.
3. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты оның басшысы жүзеге асырады.20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
5) "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін қорғайды;
7) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.