"2015-2017 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешімге өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 26/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 ақпанда № 3700 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 33/3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 33/3-V шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 13.07.2015 № 29/9-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. "2015-2017 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3626 болып тіркелген "Абай елі" газетінің 2015 жылғы 18-24 қаңтардағы № 3, 2015 жылғы 25-31 қаңтардағы № 4, 2015 жылғы 1-7 ақпандағы № 5 сандарында жарияланған) шешімге келесі өзгеріс енгізілсін:
       3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне, бюджет қаражаты есебінен қызметтің, осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда еңбекақылары жиырма бес пайызға көбейтіліп белгіленсін.
      Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін жергілікті өкілді органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайды.".
      2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Қ. Нұғымаров
      Мәслихат хатшысы Т. Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады