"2015-2017 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 26/3-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 29/9-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 4051 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 33/3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 33/3-V шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "2015-2017 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы 26/3-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3700 болып тіркелген, 2015 жылғы 1-7 наурыздағы № 9 "Абай елі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің кіріспесі жана редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Белібаев
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады