Абай ауданы бойынша жер және бірыңғай жер салықтарының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 29/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 тамызда № 4089 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қазандағы № 31/7-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 20.10.2015 № 31/7-V шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1, 1-1 тармақтарына, 444-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 379, 381 және 383 баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер және бірыңғай жер салықтарының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      3. "Базалық салық ставкаларын түзету туралы" Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 12/3-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2961 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 мамырдағы № 20 "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Белібаев
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады