Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, 31-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармағын, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 6 қазандағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ және Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласының "Гвардейская" көшесі - "Танатар Меерманов" көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi
Сессия төрағасы | Ж.Дюсембаев Аудан әкімі Б.Байахметов |
Мәслихат хатшысы | Т.Бозтаев |