РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабы негізінде мемлекеттік кепілдік жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасу кезінде қиыншылық көріп отырған халықтың әртүрлі топтарын қолдау мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 292 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 3605 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 3 (512), "Пульс района" газетінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 3 (6831) жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
әкімдіктің қаулысының қосымшасының 24 жолының 3 бағаны келесі мазмұнмен толықтырылсын: "іргелес аумақты тазалау";
әкімдіктің қаулысының қосымшасының 24 жолының 5 бағаны келесі мазмұнмен толықтырылсын: "2".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Г. Акулов |
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 25 каулысына қосымша |