"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 68 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде № 3811 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 19.04.2016 № 62 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 6 наурыздағы
№ 68 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ауыл
шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Бородулиха ауданы аумағында ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 0704000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарының тұлғасында мемлекет болып табылады.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Бородулиха ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      15. Бөлімнің миссиясы: Бородулиха ауданы аумағында ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.
      16. Бөлімнің міндеттері:
      1) ауылда экономикалық реформаның негізгі бағыттарын орындауды және іске асыруды ұйымдастырады және осының негізінде аграрлық сектордың, оның даму тенденциясының перспективаларын анықтайды;
      2) нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымды құруға көмек көрсетеді, бірыңғай қаржылық-инвестициялық саясат пен есепті жүргізеді;
      3) жеке меншік негізінде ауылда әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандарың дамуына және құрылуына көмек көрсетеді;
      4) ғылыми-техникалық үдерістің негізгі бағыттарын анықтайды және оларды іске асыру жолдары мен тәсілдерін, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауды енгізуге көмек көрсетеді;
      5) Бородулиха ауданы аумағында азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізеді.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
      2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзеді;
      4) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзеді және оны Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органына береді;
      5) тиiстi өңiрде азық-түлiк тауарлары қорларын есепке алуды жүргiзеді және Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органына есептiлiк ұсынады;
      6) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
      18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бородулиха ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады