Бородулиха ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 208 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 4151 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 26.02.2016 № 35 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

Г. Акулов

   


Бородулиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "25" тамыз № 208
қаулысына қосымша

2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге
 

Балабақшалар, бөбекхана
 

Шағын-орталықтар
 

Республикалық бюджет
 

Жергілікті бюджет
 

Республикалық бюджет
 

Жергілікті бюджет
 

17660
 

12818
 

14831
 

19413
 

      кестенің жалғасы:
 

Тәрбиеленушілер саны, адам
 

Айына бір тәрбиеленушіге шығынының орташа құны, теңге
 

Айына ата-ананың ақы төлеуінің мөлшері, теңге
 

Балабақшалар, бөбекхана
 

Шағын-орталықтар
 

Балабақшалар, бөбекхана
 

Шағын-орталықтар
 

701
 

450
 

12990
 

16867
 

7015
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады