Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 желтоқсанда № 4254 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағы, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 маусымдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ тұрғындарының қалауын ескере отырып, Ленин ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ленин ауылдық округі Песчанка ауылының Ленин көшесі Степан Бурлаченко көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім М.Нұркешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады