Дайыр ауылдық округіндегі Дайыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімнің 2015 жылғы 03 маусымдағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде N 4027 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімнің 2016 жылғы 27 сәуірдегі N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 27.04.2016 № 1 шешімімен (қабылданған күннен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Дайыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Дайыр ауылдық округіндегі Дайыр ауылында мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы С. Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Дайыр ауылдық округінің әкімі Б. Балғабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зайсан ауданының бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитариялық инспекторы С. Қожекенов

      04.06.2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады