Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Дайыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Дайыр ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 03 маусымдағы "Дайыр ауылдық округіндегі Дайыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4027 нөмірімен 2015 жылғы 13 шілдеде тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 67 санында жарияланған) № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Дайыр ауылдық округінің әкімі | Б.Балғабаев |