Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 35/284-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 4362 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 21/188-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 19.10.2018 № 21/188-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк көмек берілсін.
      Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген көлемде беріледі.
      Мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 21600 (жиырма бір мың алты жүз) теңге көлемінде берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 16.06.2017 № 12/104-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 15/137-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Жанабаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д.Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады