Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 21/188-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 20 қарашада № 5-13-152 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 40/350-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 40/350-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек жылына бір рет 25920 (жиырма бес мың тоғыз жүз жиырма) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 30.09.2019 № 32/273-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдау көрсетуді тағайындауды уәкілетті орган – "Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;

      2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға еркін түрде өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне жүгінеді және келесі құжаттарды береді:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

      жұмыс орнынан анықтама;

      екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат;

      3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап келесі мерзімде қабылдайды:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;

      тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы;

      берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Катонқарағай ауданынан тыс ауылдық жерде тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Жанабаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д.Бралинов

  Катонқарағай аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
19 қазандағы № 21/188-VI
шешіміне қосымша

Катонқарағай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы" 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 35/284-V шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4362 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Арай" газетінде жарияланған);

      2) "Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 35/284-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 16 шілдедегі № 12/104-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5123 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 27 шілдеде эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3) "Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 35/284-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/137-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5390 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 19 қаңтарда эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады