Күршім ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы N 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурызда N 3745 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабы 4) – тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабы 2 – тармағына сәйкес, 2014 жылғы 3 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қортындысы негізінде және Күршім ауылы Павлодарская көшесі тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Күршім ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауылындағы Павлодарская көшесі – "Уайс Сұлтанғазин" көшесі деп атауы өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Замзинаға жүктелсін.
      3. Шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауылдық
      округінің әкімі С.Дүзбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады