Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің 10.05.2017 № 02 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 159, № 160 ұсынысы негізінде, Боран ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Боран ауылдық округі Жаңаауыл ауылындағы ұсақ малдар және ірі қара малдары арасында сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (А.Шапатов) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің "Күршім аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (М.Садуакасова) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жыл "29" мамыр
2015 жыл "29" мамыр