РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Боран ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Күршім ауданы Боран ауылдық округінің Жаңаауыл ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Боран ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 2 "Рауан" газетінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 28 нөмірінде жарияланған, нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 маусымда № 4011 тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Боран ауылдық | |
округінің әкімі | М. Айтжанов |