РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 13 қарашадағы № 655 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тарбағатай ауданының Қызыл-Кесік ауылдық округiнiң "Әбділда" қыстағында мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.А. Жақаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi | Д. Оразбаев |