Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң "Мұздысай" қыстағына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 726 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 ақпанда № 4383 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 368 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 16.08.2016 № 368 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 13 қарашадағы № 655 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң "Мұздысай" қыстағында мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.А. Жақаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады