"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Ұлан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 қарашадағы № 216 шешімге өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы N 262 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 шілдеде N 4043 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қазандағы № 244 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 24.10.2018 № 244 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 қарашадағы № 216 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3559 нөмірімен тіркелген, "Ұлан таңы" газетінің 2014 жылғы 05 желтоқсандағы № 98-99 сандарында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданың 13 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "13. Шектi жол берiлетiн шығыстар деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстарына 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Кусаинов
      Ұлан аудандық маслихат
      хатшысы Н. Сейсембина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады