РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға Үржар ауданының аумағында тұратын халықтын келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15) жалпы белгіленген жасқа дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер;
16) бұрын зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеген және әлеуметтік төлемдер алушы болып табылатын тұлғалар;
17) интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері;
18) мектептерді, кәсіби оқу орындарын бітірген түлектер;
19) "Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
20) халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сай кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған жұмыссыздар;
21) отбасында бірде-бір жұмыс істеушісі жоқ адамдар;
22) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
23) 50 жастан асқан әйелдер;
24) жазғы каникулда жүрген студенттер;
25) адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар, есірткіге тәуелді тұлғалар кіреді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б.Сейтқановқа жүктелсін.
3. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі | С.Зайнулдин |