Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 заңының 27-бабына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 540 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 7 желтоқсанда № 4261 тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 160-161 және 2016 жылғы 21 қаңтарда № 10-11 жарияланған);
2) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "2015 жылға Үржар ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2015 жылғы 10 ақпанда № 3672 болып тiркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 23 ақпанда № 29 жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Қ.Сейтқанов |