РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "2015-2017 жылдарға арналған Үржар ауданының бюджеті туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28-322/V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3614 нөмірімен тіркелген, " Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2015 жылдың 19 қаңтарында 8-9-10 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен белгiленсін.
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды".
2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Горковенко |
Үржар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М. Бітімбаев |