"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 02 наурыздағы № 26/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 3775 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 38/4-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 04.04.2019 № 38/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 20 тамыздағы № 34 санында жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
       11-тармақта:
      5) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
      "5) Жеңіс күні – 9 мамыр:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 80,8 (сексен бүтін оннан сегіз) айлық есептік көрсеткіштен;
      Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыптарына – 35,1 (отыз бес бүтін оннан бір) айлық есептік көрсеткіштен;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және оның одақтастары ашқан концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 35,1 (отыз бес бүтін оннан бір) айлық есептік көрсеткіштен;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталғандарға – 12,7 (он екі бүтін оннан жеті) айлық есептік көрсеткіштен;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемі алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 2,7 (екі бүтін оннан жеті) айлық есептік көрсеткіштен;
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға: Чернобыль АЭС-iндегi және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруларды сынау салдарынан мүгедек болып қалған адамдар, мүгедектігі ата-аналарының біреуінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысы бар олардың балалары – 13,0 (он үш бүтін) айлық есептік көрсеткіштен;";
      келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – 16 желтоқсан:
      - күнтізбелік жылы бесінші баланы дүниеге әкелген аналарға – 25,3 (жиырма бес бүтін оннан үш) айлық есептік көрсеткіштен.".
      Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Абайдельдинов
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады