Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 92 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 3915 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 271 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 02.09.2019 № 271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесінің 120-тармағына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Косымшаға сәйкес көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар анықталсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі А.Тоқтаров

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "31" наурыздағы
№ 92 қаулысына қосымша

Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар

    № р/с

Әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы

Орналасқан орны

1

Шемонаиха қаласы

1. "Восточный" дүкені аумағы мен 4 ықшам ауданы, 10-үй мекенжайындағы алаң;
2. "Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң.

2

Усть-Таловка кенті

Усть-Таловка кенті, Вокзальный-Школьный көшелері қилысында ("Горняк" клуб ғимараты маңындағы алаң).

3

Первомайский кенті

1. Өскемен-Шемонаиха тас жолы Первомайский кентінен шығу жолында Шемонаиха қаласынан сол жағына қарай;
2. Автобекет ғимаратына қарама қарсы (25 метр), жол жиегінің жаны.

4

Вавилон ауылдық округі

1. Камышинка ауылы, Советский көшесінің шығыс жағы "Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы алаң;
2. Сугатовка ауылы, Восточный к-сі 1, оңтүстік жағы, "Вавилон ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы алаң;
3. Пруггерово ауылы, Школьный к-сі, шығыс жағы – Идрисов жеке кәсіпкер "Достық" дүкеніне қарсы алаң.

5

Верх-Уба ауылдық округі

Верх-Уба ауылы, Мир к-сі 5, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлер ескерткішінің 50 метр батысындағы орталық алаң ауданы.

6

Волчанка ауылдық округі

1. Волчанка ауылы, Победа көшесі, 12,
"Волчанка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы телім;
2. Большая Речка ауылы, негізгі тас жолы арақышықтығында және Октябрьский, Колхозный көшелері маңында орналасқан жер телімі.

7

Выдриха ауылдық округі

1. Выдриха ауылы, Центральный к-сі, 92, "Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының маңындағы жер телімі;
2.Межовка ауылы, Школьный к-сі, 5, "Андронов" жеке кәсіпкер дүкені маңындағы жер телімі.

8

Зевакино ауылдық округі

1. Зевакино ауылы, Строительный к-сі, 6 ("Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы алаң);
2. Убинка ауылы, Ленин к-сі, 25
("ВК Житница" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимаратынан 30 метр солтүстігінде).

9

Каменев ауылдық округі

1. Рассыпное ауылы, Казахстанский к-сі, "Валерия" дүкенінің маңындағы аумақ;
2. Рулиха ауылы, Центральный к-сі, "Лидер" дүкенінің маңындағы аумақ.

10

Разин ауылдық округі

Красная Шемонаиха ауылы , Кооперативный к-сі, "Белокаменское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асхана ғимаратының алдында.

11

Октябрь ауылдық округі

Октябрьское ауылы, Зубко к-сі, 1, "Шемонаихинское" шаруа қожалығының асхана маңындағы аумақ.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады