Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 271 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 қыркүйекте № 6135 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 09.03.2022 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11148 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шемонаиха ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін;

      2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 92 "Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3915 нөмірімен тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2015 жылғы 6 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Шемонаиха ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.А. Горьковойға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "____" _________
№ ____ қаулысына
қосымша

Шемонаиха ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары

    №

Әкімшілік-аумақтық бірлік атауы

Орналасқан жері

1

Шемонаиха қаласы

- "Восточный" базары мен 4 ықшам ауданы, 10-үй мекенжайы арасындағы алаң. - Б. Момышұлы 41 "А" көшесі бойында "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңша.

2

Первомайский кенті

- "У дороги" кафесіне қарсы, Первомайский кентінен Шемонаиха қаласына сол жаққа қарай шығаберісте орналасқан Өскемен-Шемонаиха жолы. - "Первомайский" базарының алдында, базар қоршауынан 5 метр қашықтықта, автобекеттен 25 метр қашықтықта және Жамбыл көшесінің жүргін бөлігінен 10 метр қашықтықта орналасқан аумақта.

3

Усть-Таловка кенті

- Ш. Уәлиханов көшесі 2А, "Жұлдыз" спорт клубының аумағы. - Школьный көшесі, 50 "Уба" шипажайының үшінші корпусының жанында орналасқан алаңша.

4

Вавилон ауылдық округі

- Камышинка ауылы, Советский көшесі, шығыс бөлігі – "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы 10 метр қашықтықта орналасқан алаң. – Сугатовка ауылы, Восточный көшесі 1, оңтүстік бөлігі – "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы 10-15 метр қашықтықта орналасқан алаң. – Пруггерово ауылы, Школьный көшесі, оңтүстік бөлігі – "Достық" дүкеніне қарсы 5 метр қашықтықта, Школьный көшесі № 33 тұрғын үйден 5 метр қашықтықта.

5

Верх-Уба ауылдық округі

- Верх-Уба ауылы, Мир көшесі, 5, орталық алаң ауданы, Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштен батысқа қарай 50 метр қашықтықта.

6

Волчанка ауылдық округі

- Волчанка ауылы, Победа көшесі, 9/2 "Фирсов И.Г." жеке кәсіпкердің дүкені және Победа көшесі, 16 екі қабатты үйдің жанындағы учаскеде. - Большая Речка ауылы, Бастау көшесі, 30 "Зиновьев В.В." жеке кәсіпкердің "Орион" дүкені жанындағы жер учаскеде.

7

Выдриха ауылдық округі

- Выдриха ауылы, Центральный көшесі, 92 "Выдрихинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Мәдениет үйі" ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқан алаңда. - Межовка ауылы, Школьный және Худяков көшелері қиылысындағы алаңда.

8

Зевакино ауылдық округі

- Зевакино ауылы, Строительный көшесі, 6 "Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратынан 50 метр оңтүстікке қарай; - Убинка ауылы, "ВК Житница" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратынан 50 метр қашықтықта.

9

Каменевский ауылдық округі

- Рассыпное ауылы, Казахстанский көшесі, "Любимый" дүкенінің жанындағы аумақ; - Рулиха ауылы, Центральный көшесі, "Лидер" дүкенінің жанындағы аумақ.

10

Октябрьский ауылдық округі

- Октябрьское ауылы, Зубко көшесі, 1 "Шемонаихинское" шаруа қожалығы асханасының жанындағы аумақ.

11

Разин ауылдық округі

- Красная Шемонаиха ауылы, Кооперативный көшесі, 17, "Белокаменское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асханасының жанында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады