«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 9614 санымен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 6 тамыз 2014 жылы № 151(28357) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің ережелерінде:
аталған Ережелерге қоса берілген 2-қосымша осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдары, ведомстволары
мен мекемелерінің қызметкерлерін
Қазақстан Республикасының заңнамасын
білуге және логикалық ойлау қабілетіне
компьютерлік тестілеуден өткізу
Қағидаларына
2-қосымша
Прокурорлық қадағалаудың бағыттары, ұйымдастыру-кадр және
талдау қызметі бойынша мамандандыру
1. № 1 БЛОК (жалпы қадағалау)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің ар-намыс кодексін (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінен (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік сатып алу туралы» (10 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (7 сұрақ), «Заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаны жылыстыру) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру туралы» (7 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (6 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
2. № 2 БЛОК (қылмыстық-құқықтық)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (10 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (10 сұрақ), «Терроризмге қарсы күрес туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
3. № 3 БЛОК (азаматтық-сот қадағалауы)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (15 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (15 сұрақ), «Атқарушылық өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (15 сұрақ), Бас Прокурордың 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 8288 санымен тіркелген) Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалау және соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (5 сұрақ), Бас Прокурордың 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 6737 санымен тіркелген) Атқарушылық өндірісінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (5 сұрақ), білуге сұрақтардан тұрады.
4. № 4 БЛОК (ұйымдық-кадрлық)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген бекітілген Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесін (5 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
5. № 5 БЛОК (арнайы)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (3 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік сатып алу туралы» (2 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (2 сұрақ), «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» (2 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (1 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (2 сұрақ), «Терроризмге қарсы тұру туралы» (2 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы»(5 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге сұрақтардан тұрады.
6. № 6-1 БЛОК (ҚСжАЕАЖК – ұйымдық-кадрлық және талдау қызметі)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі «Құқық қорғау қызметі туралы» (20 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (17 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
7. № 6-2 БЛОК (ҚСжАЕАЖК-құқықтық статистиканы қалыптастыру)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (10 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (8 сұрақ), Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Бас Прокурордың 12 қыркүйек 2011 жылғы № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 7293 санымен тіркелген) Қылмыстар, оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдарды, соның ішінде электронды форматтағы және басқа ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, және қарау туралы Нұсқаулықты (10 сұрақ), Бас Прокурордың 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 9744 санымен тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен ақпараттарды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеудің біртұтас реестрін жүргізудің ережелерін (7 сұрақ), Бас Прокурордың 16 қараша 2011 жылғы № 109 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 7315 санымен тіркелген) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысандағы есеп, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алудың Ережелерін (7 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
8. № 6-3 БЛОК (ҚСжАЕАЖК-арнайы есепке алуды жүргізу)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (10 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін (7 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (8 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (7 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Бас Прокурордың 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 9638 санымен тіркелген) Арнайы есепке алудың кейбір түрлерін жүргізу және пайдалану ережесін (12 сұрақ), Бас Прокурордың 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 8518 санымен тіркелген) Тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тексерулердің мерзімдерін уақытша тоқтату, қайта жаңғырту, ұзарту туралы хабарламаларды, тексеруді жүргізетін құрамның өзгеруін тіркеу және тексерулер және олардың қорытындылары туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын берудің ережелерін (8 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
9. № 6-4 БЛОК (ҚСэАЕАЖК-аудандық өкілдік үшін)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (6 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (6 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін (6 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (8 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Бас Прокурордың 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 9638 санымен тіркелген) Арнайы есепке алудың кейбір түрлерін жүргізу және пайдалану ережесін (12 сұрақ), Бас Прокурордың 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 9744 санымен тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен ақпараттарды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеудің біртұтас реестрін жүргізудің ережелерін (6 сұрақ), Бас Прокурордың 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 8518 санымен тіркелген) Тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тексерулердің мерзімдерін уақытша тоқтату, қайта жаңғырту, ұзарту туралы хабарламаларды, тексеруді жүргізетін құрамның өзгеруін тіркеу және тексерулер және олардың қорытындылары туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын берудің Ережелерін (8 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
10. № 7 БЛОК (әскери прокуратура)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (2 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (2 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін (2 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (2 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы»(2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың Тәртіптік жарғысын (3 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің Жарғысын (3 сұрақ), «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» (4 сұрақ), «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (7 сұрақ), «Ұлттық қауіпсіздік туралы (4 сұрақ), «Төтенше жағдайлар туралы» (4 сұрақ), «Әскери жағдай туралы»(4 сұрақ), «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» (7 сұрақ), «Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге сұрақтардан тұрады.