Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 29.05.2015 № 67 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу жөніндегі есептілікті одан әрі жетілдіру және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізу туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 125 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7353 санымен тіркеліп, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 52 (26871); 2012 жылғы 22 ақпандағы № 53 (26872) сандарында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2013 жылғы 19 маусымдағы № 63
бұйрығымен бекітілді
Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта
жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және
тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу
құжаттарын ұсыну ережесі
1. Кіріспе
1. Осы Тексеру тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну ережесі (бұдан әрі – Ереже) жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдарға, филиалдарға және заңды тұлғалардың өкілдіктеріне қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексеру тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну тәртібін белгілейді.
Ереже 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң), 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу және есепке алу:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізетін тексерулер нәтижелері бойынша қалыптасатын шынайы және дәйекті құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, есепке алу, талдау және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну;
жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдардың, филиалдардың және заңды тұлғалардың өкілдіктерінің қызметін тексеруді жоспарлау және оңтайландыру кезінде елдегі құқық қорғау қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы Ережеде мынадай түсініктер қолданылады:
1) ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – АЕҚ) - оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптасатын белгіленген үлгідегі құқықтық статистикалық ақпараттың (№1-П нысанды есепке алу карточкасы және талон-хабарлама) материалдық (қағаз, магниттік, оптикалық және басқа да) жеткізгіші;
2) тексеру объектілері – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдар, филиалдар және заңды тұлғалардың өкілдіктері;
3) тексерулерді жоспарлау – уәкілетті мемлекеттік органдардың тексерулерді жүйелеуі, оңтайландыруы және реттеуі;
4) тіркеу субъектілері – жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдардың, филиалдардың және заңды тұлғалардың өкілдіктерінің қызметіне тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдары уәкілеттік берген мемлекеттік органдар.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Тексерулер тағайындау туралы актілерді, оларды тіркеуден бас
тарту, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту
туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу тәртібі
4. Тіркеу рәсімі өзіне құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуді, тексеру жүргізудің тоқтатылуы, қайта жаңғыртылуы, мерзімінің ұзартылуы туралы, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тартуды, тексеру туралы мәліметтерді есепке алу, ақпараттық есепке алу құжаттарын беру және оның нәтижелері, сонымен қатар өткізілмеген тексерісті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында есептен алуды, сондай-ақ оларды тіркеудің күшін жоюды енгізеді.
Тіркеу рәсімі келесі тексерулерді жүргізуге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды:
Заңның 8-бабы тәртібінде ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, Заңның 3-бабы 3 және 4 тармақтарында және 12-бабы 3-тармағында көзделген салалардағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты прокуратура органдары жүзеге асыратын тексерулер осы Ережеде белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады.
Аймақта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының әскери немесе көліктік бөлімшелері болмаған жағдайда, тіркеу рәсімін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының аумақтық басқармасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тиісті әскери немесе көліктік бөлімшесіне келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ақпараттық есепке алу құжаттарын мәлімет үшін бере отырып, есепке алуды жүргізу және бақылау үшін жүзеге асырады.
5. Тіркеу субъектілері Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда Тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу журналын (бұдан әрі – Журнал) жүргізеді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілерді есепке алу кітабын жүргізеді, мемлекеттік органдар бөлігінде Журналға ұқсас нысанда жүргізеді.
6. Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы тарапынан, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру басталғанға дейін тексеру объектісінің тіркелу орны бойынша немесе оның өз қызметін жүзеге асыру орны бойынша жүргізіледі.
Тіркелу үшін Ереженің 3-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актінің екі данасы (түпнұсқа және куәландырылған көшірме), Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы жүзеге асыратын тексеру туралы мәліметтер толтырылған есепке алу карточкасы (бұдан әрі – № 1-П нысанды есепке алу карточка) ұсынылады.
Тексеруді мемлекеттік тіркеу үшін тексерулерді есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйелерін жүргізу кезінде электрондық сандық қол қойылған, көрсетілген құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы анықтайтын электрондық форматта жолданады.
Тексерулерді есепке алудың автоматтандырылған ведомстволық жүйесі болмаған жағдайда, тексеру тағайындау туралы акті және № 1-П нысанды есепке алу карточкасы электрондық форматта рәсімделуі, содан соң, электрондық сандық қол қойылғаннан кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурс құралының көмегімен тіркелуі үшін ұсынылуы мүмкін.
Бақылаушы және тіркеуші органдардың орналасқан жерінен елеулі қашықтықта орналасқан объектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізген жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу тексеру басталғаннан кейін, келесі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу барысында мемлекеттік орган қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындау үшін негіз болған құжаттың түпқұжаты мен көшірмесін ұсынады.
Тексеру тағайындаудың негізі болып табылған құжаттың түпқұжаты мемлекеттік орган қызметкеріне қайтарылады, ал көшірмесі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
8. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері АЕҚ-ны ала отырып, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу рәсіміне ұсыну сәтінен жұмыс уақытын ескере отырып үш сағаттан кешіктірмей:
тексеру тағайындау туралы актінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін және № 1-П нысанды есепке алу карточкасының толтырылуының толықтығын тексереді;
сонымен қатар, құжаттарды тіркеуге ұсынудың уақтылы болуын, тексеру жүргізудің құқықтық негіздерінің болуын, тексеру мерзімі мен кезеңділігін, сонымен қатар тексеруді тағайындау кезінде мемлекеттік органның аумақтылығын сақтауды тексереді;
актіні тіркеуден бас тарту үшін негіз болмаған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысанда тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу туралы мөр басады;
№ 1-П н. есепке алу карточкасына жазбаларды, АЕҚ мәліметтерін деректер қорына енгізеді;
құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері электрондық тіркеудің аяқталуы туралы тіркеу субъектісіне электрондық цифрлық қолтаңба қойылған тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу туралы хабарламаны жолдайды.
Тіркеген соң, актінің түпқұжаты мөр басылып мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына қайтарылады. Аталған актінің көшірмесі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
9. Тіркеу субъектісі тексеру тағайындау кезінде жіберген Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының басшысы не оның міндетін орындаушы адам тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) Ережеге қоса берілген 6-қосымшаға сәйкес нысанда, АЕҚ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келіп түскен сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзімде жазбаша түрде екі данада жасалады.
Көрсетілген мерзімінің аяқталуы мерекелік немесе демалыс күндеріне сәйкес келген жағдайда, бас тарту құқығын қолдану мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Ереже талаптарының нақты бұзушылықтарын көрсете отырып дәлелді болуы тиіс.
10. Мемлекеттік тіркеу субъектісі тексеру тағайындау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы туралы мәселені анықтау үшін ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, шешім АЕҚ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келіп түскен сәттен екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдануы тиіс.
Тіркеусіз қайтарылған тексеруді тағайындау туралы актіден бас тартылған жағдайда, Ережеге қоса берілген 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «бас тартылған» мөртабаны қойылады және № 1-П нысанды есепке алу карточкасының 21-тармағы толтырылады.
Электрондық тіркеу кезінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері тіркеу субъектісіне электрондық цифрлық қолтаңба қойылған тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.
11. Мемлекеттік тіркеу субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту үшін келесі негіздердің бірінің болуы жеткілікті:
1) тексерулер жоспарында көрсетілмеген жоспарлы тексеруді тағайындау;
2) жоспарлы тексеру тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыттық ара-қашықтықтың сақталмауы;
3) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне енбейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;
4) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мерзімдерге қатысты тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімінің асып кетуі немесе өтіп кетуі;
5) жасырын түрдегі өтініш бойынша объектіге тексеру тағайындау;
6) мемлекеттік органның Заңның 23-бабы 6-тармақшасы талаптарын бұзып тексеру тағайындауы;
7) егер алдыңғы тексерулер нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаса, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның (қаулының, ұсыныстардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау мәселесі бойынша тексеру тағайындау;
8) жоспардан тыс тексеруді тағайындау негізінің жазбаша растауы болмауы (сұрау, тапсырма, өтініш, шағым, жүгіну, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде жүгінулерді сенім телефондары бойынша есепке алу кітабында тіркеу туралы белгі, қарсы тексеру тағайындау кезіндегі актінің көшірмесі және заңнамада көзделген басқа да негіздер);
9) өтініште немесе хабарламаларда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы өзге де жүгінулерде көрсетілген уақыт аралығының шегінен шығатын кезеңге тексеру тағайындау;
10) тексеру жүргізуді оған тиісті өкілеттігі жоқ тұлғаларға тапсыру;
11) Заңда көзделген жағдайлардан басқа бірнеше тексеру объектілеріне тексеру тағайындау туралы бір актідегі нұсқау;
12) заңмен белгіленген мерзімде ол бойынша тексеру тоқтатылған және қайта жаңғыртылмаған объектіні тексеруді қайта тағайындау;
13) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген шекті мерзімдерінен асатын мерзімге тексеруді тағайындау немесе оны ұзарту;
14) міндетті хабарлау туралы талап Заңда көзделген болса алдағы тексеру туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне хабарлау туралы деректің болмауы немесе хабарлау мерзімін сақтамау;
15) тексерулердің жүргізу тәртібі мен жағдайларын реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы.
12. Мемлекеттік тіркеу субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден негізсіз бас тартуы жоғарыда тұрған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына немесе сотқа шағымдалуы мүмкін.
13. Заңның 18-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексеру басталғаннан кейінгі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
14. Тексеруді тоқтатқан, қайта жаңғыртқан, сондай-ақ тексеруге қатысатын тұлғалардың құрамы өзгерген жағдайда тіркеу субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес №1-П нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы жүзеге асыратын тексеру туралы мәліметтерді есепке алу карточкасына талон-хабарламаны (бұдан әрі - талон-хабарлама) жолдайды.
Тексерілетін субъектіге хабарлама жасау Заңның 10-бабы 3-тармағында, 19-бабы 4-тармағында және 20-бабы 1-тармағында көзделген тәртіпте жүргізіледі.
Бұл ретте, тексеру тағайындау, тоқтату, қайта жаңғырту немесе тексеру мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ салық қызметінің органдары жүзеге асыратын тексеруге қатысатын адамдардың құрамын өзгерту жөніндегі актілерді тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 89-тарауымен айқындалады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
15. Тіркеу субъектісі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 89-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда тексеру аяқталуы бойынша үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына талон-хабарламаны, егер электрондық тіркелген жағдайда оның электрондық форматын ұсынады.
Мемлекеттік тіркеу субъектісі тағайындаған тексеруді жүргізуден бас тартқан, прокурордың немесе соттың шешімі бойынша тексеруді оның аяқталуына дейін тоқтатқан жағдайда, мемлекеттік тіркеу субъектісі ол туралы шешім қабылданғаннан соң үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ескертпе жолдайды.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
16. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелген тексеруді өткізбеген жағдайда, мемлекеттік тіркеу субъектісі тексерудің өткізілмеу себебін көрсетіп ескертпе жасайды.
Ескертпе құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің нақты аяқталған сәтіне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
17. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы тұрақты түрде тексерулер мерзімдерінің ұзартылуын, тоқтатылуын және жаңартылуларын есепке алуды және бақылауды жүргізеді.
18. Егер салыстыру немесе мемлекеттік тіркеу субъектілерінде тексеру жүргізу барысында тіркеуден өтпеген тексеру тағайындау туралы актіні, немесе тексеру тағайындау туралы актіні шығармай жүргізілген тексерулер анықталған жағдайда, мемлекеттік тіркеу субъектісі алдын ала өзінің тіркеу журналында тиісті жазу жазып, оларды анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тіркелмеген тексерулерге толтырылған №1-П нысанды есепке алу каточкаларын және талон-хабарламаларды ұсынады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
19. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша немесе өз бастамасымен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықтаған жағдайда тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу күшін жоя алады.
3. Тексерулерді есепке алудың электрондық форматын жүргізу тәртібі
20. Тіркеу субъектілері тексерулерді есепке алудың электрондық форматының қалыптасуына қатысады.
Осы мақсатта олар тұрақты және үзіліссіз түрде ведомстволық тексерулердің, сонымен қатар тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтар және олар бойынша қабылданған әкімшілік әрекеттегі қабылданған шараларды есепке алу жүйесін құрады.
Тексерулерді есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйесі болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың тексерулерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру барысындағы қарым-қатынасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының веб-ресурсы арқылы жүргізілуі мүмкін.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тексерулерді есепке алу жүйесі мен тексерулерді есепке алу ведомстволық жүйесінің біріктірілуі, сондай-ақ тұтастық және бірыңғайлық принципін сақтау негізінде мемлекеттік органдардың тексерулерді мемлекеттік тіркеу барысында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының веб-ресурсы арқылы қарым-қатынасты ұйымдастыру тексерулерді есепке алудың орталықтандырылған электрондық форматы құрайды.
Тексеру тағайындау туралы актілердің, №1-П нысанды есепке алу каточкаларының, талон-хабарламалардың мәліметтері негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулер туралы орталықтандырылған мемлекеттік деректер банкін жүргізеді.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
21. Жоспарда мемлекеттік органның атауы, реттік нөмірі, тексеру объектісінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), шағын кәсіпкерлік субъектісінің мемлекеттік тіркелу күні, оның орналасқан жері немесе қызметті жүзеге асыру орны, тәуекел тобы көрсетіледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
4. № 1-П нысанды есепке алу карточкасын және талон-хабарламаны толтыру тәртібі
Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
22. №1-П нысанды есепке алу карточкасының және талон-хабарламаның деректемелерін тексеруді жүзеге асырушы тұлға баспа әріптермен, қысқартуларсыз толтыруы тиіс.
№ 1-П нысанды есепке алу карточкасының оң жағында орналасқан сандық ақпараттық көрсеткіштерде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы берген кодтық белгі нөмірлері қойылады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
23. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына тексеру аяқталғаннан соң үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылатын талон-хабарлама толтырылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
24. Талон-хабарламаны ұсыну тексеруді аяқталған ретінде есептеуге негіз болып табылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
25. Енгізілген мәліметтердің шынайлығын, толықтығын, объективтілігін және дәйектігін қамтамасыз ету мемлекеттік органның басшысына және осы құжаттарды толтырған тұлғаға жүктеледі.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу
журналы және құқықтық статистика және арнайы есепке алу
органдарында тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілерді
есепке алу кітабы
26. Журнал бірыңғай үлгідегі құжат болып табылады, тіркеу субъектілері жүргізеді.
27. Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен куәландырылған болуы тиіс.
Жазбалар толық, нақты, ұқыпты енгізіледі, түзетулерге және тазартуларға жол берілмейді. Қателескен жазбалар ескертіледі және жауапты тұлғаның қолымен куәландырылады.
28. Есепке алуды тиісті жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, тіркеу субъектісінде Журналды жүргізу жауапты лауазымды тұлғаға жүктеледі.
Журналдың жүргізілуі және сақталуы туралы талаптардың қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізу мемлекеттік тіркеу субъектісінің басшысына жүктеледі.
29. АЕҚ бланкілерімен және журналдармен қамтамасыз ету мемлекеттік тіркеу субъектілеріне жүктеледі.
30. Тексеру тағайындау туралы тіркелген актілерді есепке алу кітабын құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкерлері жүргізеді.
31. Кітап бірыңғай үлгідегі құжат болып табылады, нөмірленген, тігілген және мөрмен куәландырылған болуы тиіс.
Жазбалар толық, нақты, ұқыпты енгізіледі, түзетулерге және тазартуларға жол берілмейді.
6. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу
туралы» № 1-П нысанды есептердің ұсынылу тәртібі мен
мерзімдері
32. №1-П нысанды есепке алу карточканың және талон-хабарламаның негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдары Ереженің 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы» №1-П нысанды есепті (бұдан әрі – №1-П нысанды есеп) қалыптастырады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
33. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының орталық аппараты аумақтық органдарының № 1-П нысанды есебінің деректері негізінде мемлекеттік органдар және аймақтар бөлінісінде жиынтық есепті қалыптастырады.
34. Жолдар мен бағандардың деректері барлық тіркеу субъектілері бойынша бірдей болып келетін №1-П нысанды есеп ұлғаю нәтижесімен бірыңғай нысан бойынша құрылады.
1) 1-жолда талон-хабарламалары есептік кезеңнің соңына келіп түспеген, аяқталмаған тексерулердің қалдығы көрсетіледі;
2) 2-жолда тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілердің саны көрсетіледі;
3) 3-жолда (№ 1-П нысанды қойылған есепке алу карточкалары бойынша) объектілердің тағайындалған тексерулерінің саны көрсетіледі;
4) 4-жол (талон-хабарлама бар болғанда) аяқталған тексерулердің санын көрсетеді;
5) 5-жол түрлі себептер бойынша есептік кезеңде өткізілмеген, тағайындалған тексерулердің санын көрсетеді;
6) 6-жол мерзімдері ұзартылған тағайындалған тексерулердің санын көрсетеді;
7) 7-жолда мерзімдері тоқтатылған тағайындалған тексерулердің саны көрсетіледі;
8) 8-жолда мерзімдері жаңартылған тағайындалған тексерулердің саны көрсетіледі;
9) 9-жол тексеру тағайындау туралы актіні тіркеместен жүргізілген анықталған тексерулердің жалпы санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратура анықтағандар 10-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 11-жолда, мемлекеттік орган 12-жолда көрсетіледі;
10) 13-жол тексеру тағайындау туралы актіні өткен жылдары тіркемей жүргізгендігі ағымдағы жылда анықталған тексерулердің санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратура анықтағандар 14-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 15-жолда, мемлекеттік орган 16-жолда көрсетіледі;
11) 17-жол тексеру тағайындау туралы актіні өткен жылдары тіркемей жүргізгендігі ағымдағы жылда анықталған тексерулердің санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратура анықтағандар 18-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 19-жолда, мемлекеттік орган 20-жолда көрсетіледі;
12) 21-жол тексеру тағайындау туралы актіні өткен жылдары шығармай жүргізгендігі ағымдағы жылда анықталған тексерулердің санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратура анықтағандар 22-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 23-жолда, мемлекеттік орган 24-жолда көрсетіледі;
13) 25-жол тексеру нәтижелерінде бұзушылықтар айқындалған тексерулердің санын көрсетеді;
14) 26-жол тіркеуден бас тартылған тексерулерді тағайындау туралы актілердің жалпы санын көрсетеді;
15) 27-41 жолдар тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тарту негіздерін көрсетеді;
16) 42-жол жоғары тұрған прокурор күшін жою туралы шешім шығарған тіркелген тексерулердің санын көрсетеді;
17) 1-15 бағандарының көрсеткіштері № 1-П нысанды есепке алу карточкасының деректерінен алынып қалыптасады.
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
35. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органдар № 1-П нысанды жиынтық есепті тоқсан сайын қалыптастырады, оған аумақтық басқарманың басшысы қол қояды және есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде жолдайды.
36. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органдар бекіткен есептердің негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алудың уәкілетті органы республика бойынша жиынтық есепті құрады.
37. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың уәкілетті органы республика бойынша № 1-П нысанды жиынтық есепті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 1-қосымша
Тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу журналы
Ескерту. Журналға өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Нысан
p.p. |
Мемлекеттік органның тексеру тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылу күні |
Мемлекеттік органның атауы, тексеру тағайындаған тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні мен лауазымы |
Тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні (дері) мен лауазымы (дары) |
Тексеру объектісінің атауы, оның тұрған жері мен СТН-і, ЖСН-і, БСН-і |
Қызметтің түрі |
Тексеру түрі |
Тексеру негіздері |
Тексеру жүргізу мерзімдері |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға № 1-П нысанды есепке алу карточкасын ұсыну күні |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның тіркеу нөмірі |
Тексеруді ұзарту не тоқтату және қайта жаңарту күні және мерзімі |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына талон-хабарламаны ұсыну күні |
Тексеру жүргізілмеді |
|
жүргізілмеген тексеру есептен алынды |
тіркеуден бас тартылған тексеруді тағайындау туралы акт |
|||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 2-қосымша
Тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу кітабы
Ескерту. Кітапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Нысан
р.р. |
Мемлекеттік органның тексеру тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылу күні |
Мемлекеттік органның атауы, тексеру тағайындаған тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні мен лауазымы |
Тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні (дері) мен лауазымы (дары) |
Тексеру объектісінің атауы, оның тұрған жері мен СТН-і, ЖСН-і, БСН-і |
Қызметтің түрі |
Тексеру түрі |
Тексеру негіздері |
Тексеру жүргізу мерзімдері |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға № 1-П нысанды есепке алу карточкасын ұсыну күні |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның тіркеу нөмірі |
Тексеруді ұзарту не тоқтату және қайта жаңарту күні және мерзімі |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына талон-хабарламаны ұсыну күні |
Тексеру жүргізілмеді |
|
жүргізілмеген тексеру есептен алынды |
тіркеуден бас тартылған тексеруді тағайындау туралы акт |
|||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 3-қосымша
Үлгілік нысан
Тексеру тағайындау жөніндегі акт №____
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
______________ қаласы 20____жылғы «__» __________
1. Мемлекеттік органның атауы _______________________________________
_____________________________________________________________________
2. Тексеру жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) Т.А.Ә.
(ол болған кезде) және лауазымы,_____________________________________
_____________________________________________________________________
3. Тексеру жүргізуге қатыстырылатын мамандар, кеңесшілер және сарапшылар туралы мәліметтер ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Тексерілетін субъектінің атауы немесе оған қатысты тексеру жүргізу
тағайындалған жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде), оның орналасқан
жері, сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), аумақтың телімі. Филиал және
(немесе) заңды тұлғаның өкілдігі тексерілген жағдайда оның атауы мен
орналасқан жері көрсетілсін _________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Тексеру тағайындау нысаны ________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Тексеру жүргізу мерзімі __________________________________________
7. Тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, соның ішінде міндетті
талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Тексерілетін кезең _______________________________________________
_____________________________________________________________________
(актілерге қол қою уәкілеті бар тұлғаның қолы және Т.А.Ә.)
20__жылғы «___»________ мемлекеттік
органның мөрі
_____________________________________________________________________
(актіні тіркеген тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә., қолы)
Тіркеу мөртабаны
Тексерілетін субъектінің бақылау және қадағалау
жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілер мыналарға:
1) тексеру жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен, Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеген;
Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 4), 6), 7) және 8)тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік орган белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге қатысты көрінеу қайта тексеру тағайындаған;
егер алдыңғы тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаған болса, Заңның 16-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
Заңның 13, 14, 15-баптарында және 18-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;
Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше тексерілетін субъектілер көрсетілген;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес Заңның талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатқызылмаған немесе актіде көрсетілген кезеңге жатқызылмаған болса, мәліметтер бермеуге;
3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексерудің нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру үдерісін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудиотехника және бейнетехника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізген жекелеген іс-әрекеттерін тіркеуге;
6) үшінші тұлғалардың өз мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
2. Мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау жүргізген кезде тексерілетін субъектілер:
1) Заңның 18-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін табыс етуге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында оны алғаны туралы белгі жасауға;
4) жүргізілген тексеру аяқталған күні нәтижелері туралы актіні алғаны туралы оның екінші данасында белгі жасауға;
5) егер Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
6) объектіге тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Актімен таныстым, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген құқықтар мен міндеттер түсіндірілді.
_________________________________________________________________
(Тексерілетін субъектінің Т.А.Ә.)
20__жылғы «__»____________ _________________________________
(тексерілетін субъектінің қолы)
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 4-қосымша
ҚР мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексеру
туралы мәліметтерді есепке алу карточкасы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Тексеру тағайындаған мемлекеттік орган атауы:______________________________________ |
1._/_/_/_/_/_/_/_/_/ |
3. Тексеру объектісі: 1-жеке тұлға; 2-заңды тұлға; 3-жеке кәсіпкерлік субъектісі, соның ішінде: 4-шағын кәсіпкерлік; 5-орта кәсіпкерлік; 6-ірі кәсіпкерлік, 7-мемлекеттік мекемелер, соның ішінде: 7-1-мемлекеттік орган, 7-2-мемлекеттік кәсіпорындар, 8 - коммерциялық емес ұйымдар. |
3. /_/_/_/_/_/_/_/_/ Кодтар мәліметтерді Тексерулерді есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген кезде толтырылады |
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 5-қосымша
Нысан
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ________________________________________ облысы Тексеру тағайындау туралы акті 20__жылдың "_____" ___________________ Қойған қолы ___________________________________ |
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 6-қосымша
Нысан
Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы
тұжырымдама
_____________________________________________________________________
(тексерілетін объектінің атауы)
тексеру объектісіне
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
ұсынылған тексеру тағайындау туралы 20 ____ жылғы "___"______
№________ тексеру объектісіне тексеруді тағайындау туралы актіні
қарап, жоғарыда көрсетілген тексеру тағайындау туралы актіні
тіркеуден төмендегідей Ереженің 11-тармағы _____ тармақшаларының
негізінде бас тартылсын:
_____________________________________________________________________
(бас тарту негізі, заңнамаға сілтеме)
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы,
______________________________________
аты-жөні, қойған қолы)
______________________________________
"___"________________20 ____ ж.
(күні, айы, жылы)
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 7-қосымша
Нысан
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден негіз: Ереженің 11-тармағының ____ тармақшалары қолы _________________ |
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 8-қосымша
Нысан
Хабарлау
Тексеру мерзімдерін тоқтату, қайта жаңарту, ұзарту туралы,
сондай-ақ тексеру жүргізуші адамдардың құрамын өзгерту туралы
1. Орган _________
2. Тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі _____,
3. Тексеру тағайындау туралы актінің күні «___»__________
4. Тоқтату күні «___»_________
5. Қайта жаңарту күні «___»__________
6. Ұзарту күні «___» ______________
7. Алдыңғы акті бойынша тексеру жүргізуге уәкілетті тұлғаның
(тұлғалардың) Т.А.Ә. және лауазымы
__________________________________________________________
8. Құрамының өзгеруіне байланысты тексеру жүргізуге уәкілетті
тұлғаның (тұлғалардың) Т.А.Ә. және лауазымы ______________________________________
9. Алдыңғы акті бойынша тексеру жүргізуге тартылған мамандар,
кеңесшілер және сарапшылар туралы _________________________________
10. Құрамның өзгеруіне байланысты тексеру жүргізуге тартылған
мамандар, кеңесшілер және сарапшылар туралы мәліметтер
__________________________
11. Тексеру жүргізуші адамдарды тоқтату, қайта жаңарту, ауыстыру
себептері _______________________________________________________
12. Тексеру жүргізуші адамдарды тоқтату, қайта жаңарту, ауыстыру
туралы хабарлаудың келіп түскен күні
(қажеттісінің астын сызу) «_____» ___________20__ ж.
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы, Т.А.Ә.)
«___»_______20___ж. мемлекеттік органның
мөрі
_____________________________________________________________________
(құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті
органның адамының лауазымы, Т.А.Ә.)
«___»_______20___ж. тіркеу мөртабаны
Ескерту: 1 және 2-тармақтар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
бақылау мен қадағалау туралы» ҚР Заңының 10-бабы
3-тармағына сәйкес рұқсаттама құжаттарын алуға (өтуге)
байланысты тексерулер үшін толтыруға жатады;
3-12-тармақтар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
бақылау мен қадағалау туралы» ҚР Заңының 19-бабы
4-тармағының және 20-бабының талаптарына сәйкес толтыруға
жатады.
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 9-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы жүзеге асыратын
тексеру туралы мәліметтерді есепке алу
карточкасына талон-хабарлама
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы ________________________________________ |
1._/_/_/_/_/_/_/ |
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 10-қосымша
Нысан
____________ облысы бойынша ____________ мемлекеттік органның
20__жылғы ___________ арналған тексерулерді жүргізу жоспары
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Р/c |
Тексеру объектісінің атауы |
ЖСН/БСН |
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің тіркелу күні |
Тәуекел тобы |
Тексеру объектісінің орналасқан жері немесе қызметті жүзеге асыратын орны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Тексерулер тағайындау туралы актілерді,
тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру
мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды,
қатысушылардың құрамын өзгерту туралы
актілерді тіркеу және тексеру мен оның
нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке
алу құжаттарын ұсыну
ережесіне 11-қосымша
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу
туралы" 1-П нысанды есеп
Ескерту. Есепке өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының м.а. 09.12.2013 № 112 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Тіркелген |
жеке |
2-бағаннан |
жеке |
топтар |
мемлекеттік |
мемлекеттік |
соның ішінде, |
коммерциялық |
жоспарлы |
жоспардан |
|||||||
соның |
соның |
соның |
жоғары |
орташа |
болмашы |
||||||||||||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|
Есептік кезеңнің |
1 |
||||||||||||||||
Тексеру тағайындау |
2 |
||||||||||||||||
Тексеруге жататын |
3 |
||||||||||||||||
Аяқталған тексерулердің саны (талон-хабарлама бар болғанда) |
4 |
||||||||||||||||
Тағайындалған, әркелкі |
5 |
||||||||||||||||
Тағайындалған, |
6 |
||||||||||||||||
Тағайындалған, |
7 |
||||||||||||||||
Тағайындалған, |
8 |
||||||||||||||||
Тіркеусіз жүргізілген |
9 |
||||||||||||||||
солардың ішінен анықтағаны |
прокуратура |
10 |
|||||||||||||||
құқықтық |
11 |
||||||||||||||||
мемлекеттік орган |
12 |
||||||||||||||||
Есептік кезеңде |
13 |
||||||||||||||||
солардың ішінен анықтағаны |
прокуратура |
14 |
|||||||||||||||
құқықтық |
15 |
||||||||||||||||
мемлекеттік орган |
16 |
||||||||||||||||
Тексеру тағайындау |
17 |
||||||||||||||||
солардың ішінен анықтағаны |
прокуратура |
18 |
|||||||||||||||
құқықтық |
19 |
||||||||||||||||
мемлекеттік орган |
20 |
||||||||||||||||
Тексеру тағайындау |
21 |
||||||||||||||||
солардың ішінен анықтағаны |
прокуратура |
22 |
|||||||||||||||
құқықтық |
23 |
||||||||||||||||
мемлекеттік орган |
24 |
||||||||||||||||
Нәтижелері бойынша |
25 |
||||||||||||||||
Тіркеуден бас |
26 |
||||||||||||||||
солардың ішінде |
Ереженің 11 т. 1 тт. бойынша |
27 |
|||||||||||||||
Ереженің 11т. 2 т. бойынша |
28 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 3 т. бойынша |
29 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 4 т. бойынша |
30 |
||||||||||||||||
Ереженің 11т. 5 т. бойынша |
31 |
||||||||||||||||
Ереженің 11т. 6 т. бойынша |
32 |
||||||||||||||||
Ереженің 11т. 7 т. бойынша |
33 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 8 т. бойынша |
34 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 9 т. бойынша |
35 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 10 т. бойынша |
36 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 11 т. бойынша |
37 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 12 т. бойынша |
38 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 13 т. бойынша |
39 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 14 т. бойынша |
40 |
||||||||||||||||
Ереженің 11 т. 15 т. бойынша |
41 |
||||||||||||||||
Жоғары тұрған прокурор |
42 |