2015 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 99 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 3910 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 24 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және субсидиялардың нормалары:
      1) отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
      2) тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 202 "2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3607 тіркелген, 2014 жылғы 21 тамыздағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________А. Мамытбеков
15.04.2015 ж.

  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі
№ 99 қаулысына
1-қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер өткізген
тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың
нормалары

№ р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірліктің құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге

1

Аммофос (N-10%:P2О5-46%)

тонна

50

45000

2

Аммиак селитрасы (N-34,4%)

тонна

50

28900

3

Тазартылған күкіртқышқылды калий (калий сульфаты К2О-53%)

тонна

50

106000

4

Хлорлы калий (K2O5-42%; KCL-65%)

тонна

50

44000

5

Супрефос -NS (N-12%-P2O 24%) +(Ca;Mg;SO3)

тонна

50

43500

6

Суперфосфат (P-19%)

тонна

50

24500

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      N – азот;
      P – фосфор;
      S – күкірт;
      К – калий;
      О – оттегі;
      Mg – магний;
      CL – хлор.

  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі
№ 99 қаулысына
2-қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштар берушіден және
(немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың
1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары

№ р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірліктің құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге

1

Карбамид (N-46,3%)

тонна

30

28200

2

Аммоний сульфаты (N-21%)

тонна

30

17700

3

NPК 15:15:15 маркалы нитроаммофоска

тонна

30

36000

4

Сұйық азотты тыңайтқыштар (КАС) (N-27-33%)

тонна

30

16500

5

Аммофос (N-12%:P2О5-52%)

тонна

30

42000

6

Аммиакты селитра (N-34,4%)

тонна

30

20700

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      N – азот;
      P – фосфор;
      К – калий;
      О – оттегі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады