2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 202 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 тамызда № 3607 болып тіркелді. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.04.2015 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және субсидиялардың нормалары:
      1) отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
      2) тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы мен аудандар әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
30.07.2014 жыл
А. Мамытбеков

  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілде № 202
қаулысына 1-қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
және отандық өндірушілер өткізген
тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне,
килограмына) арналған субсидиялардың нормалары


№ р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге
1
Аммофос (N-10%: P2О5-46%)
тонна
50
45000
2
Аммиак селитрасы (N-34,4%)
тонна
50
28900
3
Сульфоаммофос (N-18%: P2О5-18%: S-17%)
тонна
50
34250
4
Түйіршікті күкірт қышқылды калий (калий сульфаты К2О-50%)
тонна
50
105000
5
Хлорланған калий ("Калимаг" К2О-42г2%; KCl-65% түріндегі тыңайтқыш)
тонна
50
48000
6
Супрефос-NS (N-12%; P2O5-24%)+(Ca;Mg;SO3)
тонна
50
45000
7
Қарапайлық суперфосфат (P-15%; К2О-2%)
тонна
50
24500
8
Фосфоритті ұн (P2О5-17% кем емес)
тонна
50
8210

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      N-азот;
      P-фосфор;
      О-оттегі;
      S-күкірт;
      К-калий;
      Cl-хлор;
      Ca-кальций;
      Mg-магний.

  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілде № 202
қаулысына 2-қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және
тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік
тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған
тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына)
арналған субсидиялардың нормалары


№ р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге
1
Карбамид (N-46,3%)
тонна
30
31800
2
Капролактамды аммоний сульфаты (N-21%)
тонна
30
16200
3
Нитроаммофоска (N 15: P 15: К 15)
тонна
30
30000
4
КАС (карбамидті-аммиакты қоспа N-27-33%)
тонна
30
15000
5
МАР суда ерігіш аммофос (N-12%: P2О5-52%)
тонна
30
42000
6
Аммофос (N-10%-.P2О5-46%)
тонна
30
30900
7
Селитра аммиачная (N-34,4%)
тонна
30
17850

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      N-азот;
      P-фосфор;
      К-калий;
      О-оттегі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады