Батыс Қазақстан облысында тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 111 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 маусымда № 3927 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында тауарлық газды тұтыну нормалары бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. Б. Байменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Б. Бадашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы А. Өтеғұлов

  2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 111
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысында тауарлық газды
тұтыну нормалары

      Ескерту. Нормалары жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 03.09.2015 № 243 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  №  

Тауарлық газды
тұтыну сипаттамасы

 Өлшем бірлігі 

Айлық тұтыну
нормасы,
3)

1.

Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда

1 адамнан

10,6

2.

Газ плитасы, газбен су жылытқышы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда

1 адамнан

18,5

3.

Газ плитасы болған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газбен су жылытқышы болмаған жағдайда

1 адамнан

13,5

4.

Тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (әр пәтерде) жылыту, жылытылатын аумақтың 1 м2 (күнтізбелік жыл ішінде тең төлеммен)

үй-жайларға аумағы
80 м2 дейін

5,5

үй-жайларға аумағы
80 м2 астам

6,5

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      м3 – текше метр;
      м2 – шаршы метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады