1. 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 111 "Батыс Қазақстан облысында тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3927 тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымдағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысында тауарлық газды тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ж. Талдықбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Б. Бадашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 243 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
|
2015 жылғы 28 сәуірдегі № 111 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Батыс Қазақстан облысында тауарлық газды
тұтыну нормалары
№ | Тауарлық газды | Өлшем бірлігі | Айлық тұтыну |
1. | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда | 1 адамнан | 10,6 |
2. | Газ плитасы, газбен су жылытқышы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда | 1 адамнан | 18,5 |
3. | Газ плитасы болған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газбен су жылытқышы болмаған жағдайда | 1 адамнан | 13,5 |
4. | Тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (әр пәтерде) жылыту, жылытылатын аумақтың 1 м2 (күнтізбелік жыл ішінде тең төлеммен) | үй-жайларға аумағы | 5,5 |
үй-жайларға аумағы | 6,5 |
м3 – текше метр;
м2 – шаршы метр.