Медициналық ұйымдар басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 130 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 маусымда № 3928 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 24 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Базалық лауазымдық айлықақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерi, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесi белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Қ. М. Ирменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 26 мамыр № 130
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерi, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар (бұдан әрі - ШЖҚ МҚК) мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерi, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесi Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 "Базалық лауазымдық айлықақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" қаулысы негізінде, басшылық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу мен ынталандыру мәселелеріндегі бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында әзірленген және Батыс Қазақстан облысының ШЖҚ МҚК мәртебесі бар медициналық ұйымдар басшыларына, оның орынбасарларына, бас бухгалтерлерiне (бұдан әрі - кәсіпорындардың басшылық қызметкерлері) еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ жұмыстарының қорытындысы бойынша сыйақы төлеу жүйесiн, тәртібін және шарттарын анықтайды.
      2. Негізгі ұғымдар:
      1) лауазымдық айлықақы - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері;
      2) еңбекақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ жұмыс берушінің келісім шарттарына, еңбек, ұжымдық шарттарына және актілеріне сәйкес қызметкерге оның еңбегі үшін сыйақыны төлеуді қамтамасыз етумен байланысты қарым-қатынастар жүйесі.
      3. Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлеріне мыналар жатады:
      бірінші басшы;
      медициналық істер жөніндегі басшының орынбасары;
      экономикалық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары (бас экономист);
      медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі басшының орынбасары;
      әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі басшының орынбасары;
      бас бухгалтер.
      4. Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлеріне еңбекақы және сыйақы төлеу кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылына арналған қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарында (даму жоспары) еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

2. Облыстық, облыстық маңызы бар қаланың және аудандық медициналық ұйымдары және кәсіпорындардың басшылық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысының мөлшерлері

      5. Облыстық медициналық ұйымдар:
      1) облыстық медициналық ұйымдар – жоғары мамандандырылған, стационарлық, стационар алмастырғыш медициналық көмек көрсететін ұйымдар, басымды бағыттарды ескере отырып, медициналық көмек көрсететін ұйымдар:
      бірінші басшы 15 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы;
      медициналық істер жөніндегі басшының орынбасары 12 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы;
      медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі басшының орынбасары (ішкі аудит) 10 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы (еңбек өтілі 10 жылдан кем емес);
      бас бухгалтер, экономикалық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары (бас экономист) (еңбек өтілі 10 жылдан кем емес) 10 базалық лауазымдық айлықақыға дейін;
      бас бухгалтер, экономикалық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары (бас экономист) (еңбек өтілі 5 жылдан 10 жылға дейін) 7 базалық лауазымдық айлықақыға дейін;
      әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі басшының орынбасары 8 базалық лауазымдық айлықақыға дейін;
      2) облыстық медициналық ұйымдар - стационарлық, стационар алмастырғыш, амбулаторлық-емханалық, кеңесші-диагностикалық көмек көрсететін, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттаумен, қан және оның компоненттерін дайындаумен айналысатын ұйымдар:
      бірінші басшы 12 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы;
      медициналық істер жөніндегі басшының орынбасары 9 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы;
      медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі басшының орынбасары (ішкі аудит) 8 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы (еңбек өтілі 10 жылдан кем емес);
      бас бухгалтер, экономикалық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары (бас экономист) (еңбек өтілі 10 жылдан кем емес) 8 базалық лауазымдық айлықақыға дейін;
      бас бухгалтер, экономикалық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары (бас экономист) (еңбек өтілі 5 жылдан 10 жылға дейін) 7 базалық лауазымдық айлықақыға дейін;
      әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі басшының орынбасары 7 базалық лауазымдық айлықақыға дейін.
      6. Облыстық маңызы бар қалалық медициналық ұйымдар:
      қалалық медициналық ұйымдар - стационар алмастырғыш, амбулаторлық-емханалық, алғашқы медициналық-санитариялық, жедел медициналық көмек көрсететін ұйымдар:
      бірінші басшы 12 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы;
      медициналық істер жөніндегі басшының орынбасары 9 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы;
      медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі басшының орынбасары (ішкі аудит) 8 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы (еңбек өтілі 10 жылдан кем емес);
      бас бухгалтер, экономикалық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары (бас экономист) (еңбек өтілі 10 жылдан кем емес) 8 базалық лауазымдық айлықақыға дейін;
      бас бухгалтер, экономикалық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары (бас экономист) (еңбек өтілі 5 жылдан 10 жылға дейін) 7 базалық лауазымдық айлықақыға дейін;
      әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі басшының орынбасары 7 базалық лауазымдық айлықақыға дейін.
      7. Аудандық медициналық ұйымдар:
      аудандық медициналық ұйымдар - стационарлық, стационар алмастырғыш, реабилитациялық және сауықтыру медициналық, амбулаторлық-емханалық және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар:
      бірінші басшы 9 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы;
      медициналық істер жөніндегі басшының орынбасары 8 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы;
      медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі басшының орынбасары (ішкі аудит) 7 базалық лауазымдық айлықақыға дейін, мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санатының болуы (еңбек өтілі 7 жылдан кем емес);
      бас бухгалтер, экономикалық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары (бас экономист) (еңбек өтілі 10 жылдан кем емес) 7 базалық лауазымдық айлықақыға дейін;
      бас бухгалтер, экономикалық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары (бас экономист) (еңбек өтілі 5 жылдан 10 жылға дейін) 6 базалық лауазымдық айлықақыға дейін;
      әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі басшының орынбасары 6 базалық лауазымдық айлықақыға дейін.
      8. Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысының көлемі атқарылатын жұмыстың күрделігін, қызметтің ерекшелігі мен ауқымдылығын және онымен байланысты қауіптерді, еңбек ерекшелігін, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы кәсіпорынның рөлі мен орнын есепке ала отырып, сараланып анықталады.
      Лауазымдық айлықақы мөлшерін анықтаған кезде, ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі және зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайындағы жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін үстеме ақыларды ескермегенде, нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген барлық үстеме ақылар мен үстемелер ескерілді.
      9. Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін (қызмет көрсету көлемінің ұлғаюы) үстеме ақыларды қоспағанда негізгі лауазымы бойынша жұмыс уақыты шеңберінде мамандығы сәйкес келетін маманның лауазымдық айлықақысынан 50 % мөлшеріне дейін үстеме ақы төлеуге рұқсат етіледі.
      10. Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын түзету олардың жұмыс нәтижелерін бағалау бойынша Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен жасақталған индикаторларға сәйкес тұрақты жұмыс жасайтын комиссиямен тоқсан сайын анықталады.
      Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын түзету Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 126-бабының 4-тармағына сәйкес белгіленеді.
      11. Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу еңбекақы қоры шегінде жүзеге асырылады.

3. Жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы және басқа ынталандыру сипатындағы төлемдер (сыйлықақы, сараланған үстеме ақы)

      12. Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлерінің жұмыстың тиімділігін және сапасын арттыруға деген материалдық мүдделілігін күшейту үшін кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің (даму жоспары) нәтижелері бойынша сыйақы және басқа ынталандыру сипатындағы төлемдер (сыйлықақы, сараланған үстеме ақы) төлеу жүргізіледі.
      13. Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлеріне жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы және басқа ынталандыру сипатындағы төлемдер (сыйлықақы, сараланған үстеме ақы) төлеудің міндетті шарты қаржылық тәртіпті, лицензиялық талаптарды сақтау, кәсіпорынның жарғылық қызметін сапалы орындау, қолданыстағы нормативтік құжаттарды ескере отырып, лауазымдық міндеттерін сапалы атқару болып табылады.
      14. Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлеріне жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы және басқа ынталандыру сипатындағы төлемдер (сыйлықақы, сараланған үстеме ақы) төлеу көлемі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен анықталады және біржолғы берілген кезде екі айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінен аспауы тиіс.
      15. Басшылық қызметкерге жұмыс қорытындысы бойынша сыйақыны және басқа ынталандыру сипатындағы төлемдері (сыйлықақы, сараланған үстеме ақы) одан алынбаған тәртіптік жаза болған жағдайда жүргізілмейді.

4.Материалдық көмек көрсету

      16. Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлеріне тиісті қаражат болған жағдайда материалдық көмек көрсету (бір айлық лауазымдық айлықақыдан артық емес) келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) некеге отырғанда;
      2) баласы дүниеге келгенде, бала асырап алғанда;
      3) қосымша қаржылық шығынды талап ететін емделуде (шипажайлық емделуден басқа, ұзақтығы 2 айдан астам стационарлық немесе амбулаторлық емдеу);
      4) кәсіпорынның басшылық қызметкеріне оған қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаудың (тонау, ұрлау және тағы басқа), сондай-ақ табиғи апаттар (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және тағы басқа) салдарынан жеке мүліктік залал келтірілгенде;
      5) оның отбасы мүшелері, жақын туысқандары қайтыс болғанда (ата-анасы, зайыбы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, туған және жақын ағалары мен әпкелері).
      17. Кәсіпорынның басшылық қызметкері қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне екі айлық лауазымдық айлықақы көлемінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
      18. Басшылық қызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысы берілген кезде бір айлық лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады