"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 115 "2015 жылға арналған аудандар бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымдағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2015 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы";
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемі (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.";
3) Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2015 жылғы 16 шілдедегі № 171 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
|
2015 жылғы 5 мамырдағы № 115 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
2015 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемі
(егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай)
№ | Аудандар (қала) | Субсидия көлемі, теңге |
1 | Бөрлі | 130 464 |
2 | Зеленов | 2 209 658 |
3 | Тасқала | 43 488 |
4 | Теректі | 468 491 |
5 | Орал қаласы | 9 425 |
Облыс бойынша жиыны | 2 861 526 |