Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою және күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 42 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын және күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Н.Ноғаев

  2016 жылғы 23 ақпандағы №42
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылған және күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. 2014 жылғы 14 қаңтардағы №10 "Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3424 тіркелген, 2014 жылы 6 наурызда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
      2. 2015 жылғы 5 қазандағы №290 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы №126 "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4089 тіркелген, 2015 жылы 30 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
      3. 2016 жылғы 26 қаңтардағы №15 "Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 328 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жойылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады