Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестендіруге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 988 "Орал қаласы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3879 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Жайық үні - Жизнь города" газетінде және 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Пульс города" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ.Сатыбалдиевке жүктелсін.
Қала әкімі | Н.Төреғалиев |