Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.03.2015 № 988 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 1195 "Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-208 тіркелген, 2001 жылғы 24 маусымдағы "Жайық үні" газетінде және 2011 жылы 1 шілдедегі "Пульс города" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілісін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 1 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Алты айдан астам жұмыс жасамаған тұлғалар;"
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8, 9 жолдармен толықтырылсын:
"8. Асырауында екі немесе одан да көп 18 жасқа толмаған балалары бар тұлғалар;
9. Ағымдағы жылдың жалпы білім беру ұйымдарының бітірушілері."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ. Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А. Көлгінов