Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округінің Қамыстыкөл және Көнеккеткен ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 19 қазандағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қарашада № 4139 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қамыстыкөл, Көнеккеткен ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округі Қамыстыкөл және Көнеккеткен ауылдарының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      1) Қамыстыкөл ауылы бойынша:
      "1" жобалық көшесі – "Достық" көшесі.
      2) Көнеккеткен ауылы бойынша:
      "1" жобалық көшесі – "Ақжайық" көшесі;
      "2" жобалық көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "3" жобалық көшесі – "О. Исаев" көшесі;
      "4" жобалық көшесі – "Жағалау" көшесі;
      "5" жобалық көшесі – "Бірлік" көшесі;
      "6" жобалық көшесі – "Ардагерлер" көшесі.
      2. Көнеккеткен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Нугманова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Көнеккеткен ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы У. Кадргалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады