Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінің Бударин, Коловертное, Самал ауылдарының кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 3938 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Бударин, Коловертное және Самал ауылдарының халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінің Бударин, Коловертное, Самал ауылдарының кейбір көше атаулары:
      1) Бударин ауылы бойынша:
      "Мир" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Лесная" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "Чапаев көшесі" – "Ж. Молдағалиев" көшесі;
      "Молодежная" көшесі – "Астана" көшесі;
      "Новосельская" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесі;
      "Уральная" көшесі – "Ақжайық" көшесі;
      "Зеленый" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
      "Набережная" көшесі – "Жағалау" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Әлия Молдағұлова" көшесі;
      2) Коловертное ауылы бойынша:
      "Речная" көшесі – "Береке" көшесі;
      "Центральная" көшесі – "Бірлік" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "А. А. Щурихин" көшесі;
      "Уральная" көшесі – "Жайық" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Ардагерлер" көшесі;
      "Клубная" көшесі – "Еңбекші" көшесі;
      3) Самал ауылы бойынша:
      "Молодежная" көшесі – "Атамекен" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Балауса" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Бударин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е. Есеналиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бударин ауылдық
      округі әкімі Р. Каирманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады