Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің 12.03.2021 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 4 маусымдағы № 7 "Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Қабыл ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3926 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Қ. Е. Ажгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақжол ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы |
Г. М. Кузбакова |