Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 тамыздағы № 29-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 4059 болып тіркелді. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 47-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 13.02.2020 № 47-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулыларына, "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2015 жылы 17 наурызда № 10474 тіркелді) сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3408 тіркелген, 2014 жылғы 23 қантардағы "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      24-1-тармағының бірінші, екінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3, 14-4, 14-5 тармақтармен толықтырылсын:
      "14-1. Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткерге "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.
      Әңгімелесу жүргізу кезінде;
      1) үміткердің ШАК алуға құқығы;
      2) отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулының (бұдан әрі - Қаулы) 1-қосымшасына сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді.
      14-2. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш пен Қаулының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) Қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      3) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат;
      4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
      5) Қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.
      14-3. Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, Қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру актісін жасайды, Қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оны уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.
      14-4. Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.
      14-5. Уәкілетті орган:
      1) құжаттарды ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды;
      2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
      стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларды қоспағанда және бірінші, екінші топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
      Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт жасасады және әлеуметтік келісімшарттың көшірмесін уәкілетті органға жібереді;
      3) әлеуметтік келісімшарттың көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және оның отбасы мүшелерін әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын және жеке жоспарды жасау үшін шақырады.".
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б. Б. Мұқашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Кемелханов
      Мәслихат хатшысы А. Куликешев

      "КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_____________Б. Мәкен
28.08.2015 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады