"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 669 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қазанда № 4088 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 853 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 06.12.2016 № 853 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сафималиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Тусупкалиев

"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спортты дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 090300, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және дамыту, сонымен қатар сапалы, тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін салааралық үйлестіру.
      14. Міндеттері:
      1) дене тәрбиесі және спорт жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын жүзуге асыру, оларды дамыту бойынша перспективалық, ағымдағы, нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
      2) дене тәрбиесі және спортты дамыту саласында аудан ұйымдарының, бірлестіктерінің, мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру;
      3) аудандық бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жоспарлау және өткізу;
      4) спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларын жасақтау, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін жаттығулар өткізу;
      5) дене тәрбиесі және спорт мәселелері жөнінде конференциялар, төрешілер жиналыстарын, семинарларды өткізу;
      6) жеке спортшыларды, ауданның құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуларын қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін ұсыныстар енгізу;
      2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткізу;
      3) спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық құрама командаларын даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аудандық, облыстық маңызы бар қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;
      7) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;
      8) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;
      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;
      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
      12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      14) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
      15) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;
      16) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген кейбір қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, өзге де мекемелер мен жеке тұлғалардан ақпарат сұрау және алу;
      2) егер олар қолданыстағы заңнамаға және осы Ережеге қайшы келмесе, алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді қабылдау;
      3) Заңнамада көзделген басқа да міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
      18. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      3) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      4) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін мүддесін таныстырады;
      "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      21. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамаларда өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады