"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 852 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 4199 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 853 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 06.12.2016 № 853 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (А.Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Бөрлі ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №47 қаулысымен бекітілген ереженің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Утегеновке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Тусупкалиев

  Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 852 қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандағы кәсіпкерлікті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республиканың мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090300, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, Советская көшесі, 99.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы сауданы, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болып табылады.
      15. Міндеттері:
      жеке кәсіпкерлікті тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу.
      16. Функциялары:
      1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асыру;
      2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
      4) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
      5) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
      6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      8) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген кейбір қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, өзге де мекемелер мен жеке тұлғалардан ақпарат сұрау және алу;
      2) егер олар қолданыстағы заңнамаға және осы Ережеге қайшы келмесе, алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді қабылдау;
      3) Заңнамада көзделген басқа да міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      3) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      4) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін таныстырады;
      "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. ""Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады