Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 34 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 тамызда № 3966 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Бөрлі ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бөрлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Безымянная" көшесі – "А. Л. Ковалев" көшесі;
      "Советская" көшесі – "Достық" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Бөрлі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Жамбаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бөрлі ауылдық округінің әкімі В. Баштовенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады