Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округінің Жарсуат және Қарашығанақ ауылдарындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 41 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 4173 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жарсуат ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жарсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округінің Жарсуат және Қарашығанақ ауылдарындағы кейбір көше атаулары:
      1) Жарсуат ауылы бойынша:
      "Ленин" көшесі – "Абылай хан" көшесі;
      "Октябрьская" көшесі – "Желтоқсан" көшесі;
      "Мир" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Целинная" көшесі – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
      "Уральская" көшесі – "М. Мәметова" көшесі;
      "Пугачевский" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Достық" көшесі;
      "Новостройка" көшесі – "Жаңақұрылыс" көшесі;
      "Чапаевская" көшесі – "Д. Қонаев" көшесі;
      "Кооперативная" көшесі – "Наурыз" көшесі;
      "Первомайская" көшесі – "С. Датов" көшесі;
      2) Қарашығанақ ауылы бойынша:
      "Степная" көшесі – "Мир" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды Жарсуат ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Капашов Багдат Бериковичке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жарсуат ауылдық округінің әкімі А. Утилиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады