Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі Кеңтүбек ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қазанда № 4094 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Кеңтүбек ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі Кеңтүбек ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Советская" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Октябрьская" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Молодежная" көшесі – "Қарашығанақ" көшесі;
      "Утвинская" көшесі – "Ақжол" көшесі;
      "8 марта" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "Юбилейная" көшесі – "Атамекен" көшесі;
      "Коперативная" көшесі – "Атамұра" көшесі;
      "Кубанская" көшесі – "Бірлік" көшесі;
      "Южная" көшесі – "Еділ" көшесі;
      "Уральская" көшесі – "Жайық" көшесі;
      "Первомайская" көшесі – "Халықтар Достығы" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Тың дала" көшесі;
      "Северная" көшесі – "Жағалау" көшесі;
      "Чингирлауская" көшесі – "Береке" көшесі;
      "Шакенова" көшесі – "Қайыр Шәкенов" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Кеңтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Жумагалиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі Ж. Лукпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады