Бөкей ордасы ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 3814 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 18.01.2016 № 2 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бөкей ордасы ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. "Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Рахымжанов

  2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7
Бөкей ордасы ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және
ата-ананың ақы төлеу мөлшері

 № 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыланды-рудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

Балабақша (жергілікті бюджет)

1.

Сайқын ауылы
"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Ер Төстік" ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

290

20189

20189

4000

2.

Хан Ордасы ауылы
"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Ақбота" ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

175

17414

17414

4000

3.

Бисен ауылы
"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Салтанат" ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

175

15522

15522

3700

4.

Бөрлі ауылы
Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Балдаурен" ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

55

16822

16822

3700

Мектеп-балабақша (жергілікті бюджет)

1.

Ұялы ауылы
"Ш. Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" мемлекеттік мекемесі

50

16692

16692

3700

2.

Саралжын ауылы
"Қ. Сағырбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" мемлекеттік мекемесі

50

15475

15475

3700

3.

Мұратсай ауылы
"А. Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" мемлекеттік мекемесі

50

17244

17244

3700

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады