Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі Қызылоба ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қазанда № 4118 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қызылоба ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қызылоба ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі Қызылоба ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Телебашня" көшесі – "Бәйтерек" көшесі;
      "Подстанция" көшесі – "Шамшырақ" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Қызылоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Д. Еслямгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Н. Бердіғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады