Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округі Пятимар ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 желтоқсанда № 4162 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Пятимар ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Пятимар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округі Пятимар ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Плантация" көшесі – "Қазақ елі" көшесі;
      "Буденный" көшесі – "Дина Нұрпейісова" көшесі;
      "Гагарин" көшесі – "Астана" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Пятимар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е. Агадилов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі О. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады