Зеленов ауданы Махамбет ауылдық округінің Махамбет ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 20 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 тамызда № 3970 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Махамбет ауылының халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Зеленов ауданы Махамбет ауылдық округінің Махамбет ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы:
      "Ленина" көшесі – "Абай Құнанбаев" көшесі;
      "Рабочая" көшесі – "Дінмұхамед Қонаев" көшесі;
      "Стадионная" көшесі – "Дина Нұрпейісова" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Мектеп" көшесі;
      "Совхозная" көшесі – "Сырым Датов" көшесі;
      "Новаторов" көшесі – "Мұхтар Әуезов" көшесі;
      "Октябрьская" көшесі – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
      "Комсомольская" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Кең дала" көшесі;
      "Молодежная" көшесі – "Жастар" көшесі;
      "Парк Победы" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "Набережная" көшесі – "Қажымұқан Мұңайтпасов" көшесі;
      "Колхозная" көшесі – "Қабанбай батыр" көшесі;
      "Тракторная" көшесі – "Исатай Тайманов" көшесі;
      "Новостройка" көшесі – "Әлия Молдағұлова" көшесі;
      "Советская" көшесі – "Жәңгір хан" көшесі;
      "Пионерская" көшесі – "Жас ұлан" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б. Смольякова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Махамбет ауылдық округінің әкімі Б. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады